Бахрейнде жоғалып кеткен қызға қатысты жаңа мәлімет пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бахрейнде жоғалып кеткен қызға қатысты жаңа мәлімет пайда болды

Бахрейнде жоғалып кеткен қызға қатысты жаңа мәлімет пайда болды

Бахрейнде жоғалып кеткен Тагина Хайтметова әлі күнге дейін туған-туыстарына хабарласқан жоқ.

  • 4 Тамыз 2017
  • 1199
Фото - Caravan.kz

Бейсенбі 3 тамыз күні қыздың анасы Матлюбе Ханжановаға қызының қайда жүргені туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Арнаның хабарлауынша, Тагина Хайтметованың анасына бейтаныс бойжеткеннен  "WhatsApp" арқылы аудиохабарлама келіпті. Байланысқа шыққан отандасымыз да қазір Бахрейнде жүр екен.

"Мен мына жаққа бір ай бұрын келдім, менің құжатымды тартып алып, қонақ үйде жұмыс істеуге мәжбүрлеп жатыр. Ақшамды да алып қойды. Туыстарым мені жоғалды деп арыз береді. Бірақ мен жоғалған жоқпын, байланыстамын. Тек ешқайда шыға алмай, қапаста отырмын. Үш апта болды, тек бір қонақ үйден екіншісіне алып барады. Олардың атауларын білемін, сіздің қызыңыз солардың бірінде", — депті қыз аудиохабарламада.

Аудиожазбаның авторы Тагина Хайтметованың жоғалып кеткені туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естіпті. Ол да Бахрейнге табыс табамын деп барып, соңында күңге айналған. Айтуынша, Бахрейнде қазақстандық қыздарды жұмысқа орналастырамыз деп алдап шақырып, кейін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін агенттік бар екен. 24 жастағы Тагинаны да дәл сол ұйым ұстап отыруы мүмкін дейді ол. 


Естеріңізге салсақ, астаналық Тагина Хайтметова Бахрейнге жұмыс іздеп барып, із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Қыздан 29-шы шілдеден бері хабар жоқ. Қазір оны еліміздің дипломаттары да іздестіруде.

 

Соңғы жаңалықтар