Бахтияр Артаев Қуат Хамитовтың сотталғаны туралы: Мұндай азаматтарды қолдаудың орнына, қамап жатырмыз - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бахтияр Артаев Қуат Хамитовтың сотталғаны туралы: Мұндай азаматтарды қолдаудың орнына, қамап жатырмыз

Бахтияр Артаев Қуат Хамитовтың сотталғаны туралы: Мұндай азаматтарды қолдаудың орнына, қамап жатырмыз

Белгілі боксер, Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев өзінің әріптесі, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың сотталғаны туралы өз ойын айтты.

  • 2 Ақпан 2021
  • 814
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Артаевтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қуат Хамитовтың 6 айға сотталғанына байланысты мән жайды өзінен білдім. Расында да үй қамағына алынған екен. Осы тұрғыда мен азаматтық позициям, ол да спортшы болғандықтан менің үндемей қалуым мүмкін емес. Біздің мемлекетіміз зайырлы, демократиялық болғаннан кейін әр азамат өз ойын ашық жеткізе білу керек. Егер елім дейтін әр азаматтарды қамай берсек, ертең еліміздің болашағы не болмақ? Сондықтан бұл шешім дұрыс емес деп есептеймін. Керісінше, елім дейтін осындай спортшылар, азаматтар бар кезде қолдап, оларды еліміздің атына шығаруға ат салысу, қолдаудың орнына, біз оларды қамап жатырмыз. Осы тұрғыда бір-ақ нәрсе айтқым келеді, осындай азаматтарды қорғауды мемлекет басшыларына сұранамын. Ал Қуат бауырыма сәттілік тілеймін", — деді Бахтияр Ертаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді.


Осыған байланысты, Қуат Хамитов Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігіне сәйкес, алты айға бас бостандығынан шектелді

Соңғы жаңалықтар