Жарияланды: 380

Баку қаласында Каспий өңіріндегі интеграциялық іскерлік клубтың кезекті отырысы өтеді

22-тамызда Баку қаласында Каспий өңіріндегі интеграциялық іскерлік клубтың (CIBC) кезекті отырысы өтеді. Отырыс "Ірі мұнай компанияларының Каспий теңізінде жүзеге асырып жатқан мұнайгаз жобаларындағы шағын және орта бизнестің ролі" деген тақырыпқа арналады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "TopAz" хабарламасынан мәлім болды.

Жиналысқа министрлер кабинетінің мүшелері, экономикалық даму министрі Фархад Алиев пен Әзербайжанда жұмыс істейтін дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысады. Отырыс қорытындысы бойынша Каспий және Қаратеңіз бассейніндегі 7 мемлекеттің президенттері мен Еуропалық Одаққа арнап мәлімдеме қабылданбақшы. Қазір CIBC клубына 10 елдің әртүрлі экономикалық салаларында еңбек ететін 60-тан астам компаниясы мүше болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть