Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, жанармай бекетіне шабуыл сейсенбі күні кешке жергілікті уақыт бойынша 23.00 шамасында Бакудың Низам ауданының аумағында жасалған.
Жанармай бекеті қызметкерлерінің бірінің айтуынша, автоматтармен қаруланған үш адам тонаған. Шабуыл кезінде жанармай бекетінің бір операторы жараланған, оның ахуалы ауыр деп бағалануда, 2,8 мың манат қолды болған (1 АҚШ доллары = 0,8493 манат).
Бұл Әзербайжандағы соңғы айда үшінші рет жасалып отырған қарулы тонау. Бұған дейін Гянджадағы пошта бөлімшесі (Әзербайжандағы үлкендігі бойынша екінші) мен «Абу петрол» жанармай бекетіне шабуыл жасалған болатын. Оқиға салдарынан Гянджада екі адам мерт болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті