Бала рұқсат етілмеген жерден өтпекші болған - СІМ Кореяда адам қаққан қазақстандық жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бала рұқсат етілмеген жерден өтпекші болған - СІМ Кореяда адам қаққан қазақстандық жайлы

Бала рұқсат етілмеген жерден өтпекші болған - СІМ Кореяда адам қаққан қазақстандық жайлы

"Бала рұқсат етілмеген жерден өтпекші болып, жолға жүгіріп шыққан"

  • 16 Қазан 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда баланы қағып кету ісіне қатысты мән-жайды айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Бала рұқсат етілмеген жерден өтпекші болып, жолға жүгіріп шыққан. Бала көліктен қашқан, алайда автомобильдің әйнегі баланың басына тиіп кеткен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсарып келеді. Ол өздігінен жүріп жүр", — деді СІМ өкілдері. 

Сондай-ақ, министрлік өкілдері қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяға кіруіне шектеулер қойылады деген ресми мәлімет жоқ екенін айтады. 


Бұған дейін 20 жастағы еңбек мигранты жас баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалғаны xабарланған. Жеті жасар бала жансақтау бөліміне түсіп, 18 түрлі жарақат пен бас жарақаттарын алған.
 

Соңғы жаңалықтар