"Бала шошқа емес": Блогер Мөлдір Анарбаева декреттегі қыз-келіншектерге үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бала шошқа емес": Блогер Мөлдір Анарбаева декреттегі қыз-келіншектерге үндеу жасады

"Бала шошқа емес": Блогер Мөлдір Анарбаева декреттегі қыз-келіншектерге үндеу жасады

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева декреттегі аналарға кеңес беріп, ел күтпеген мәлімдеме жасады.

  • 29 Сәуiр
  • 46
Instagram/Мөлдір Анарбаева

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогер өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«Құдай ананы бекерден-бекер бала күтіміне қатысты демалысқа шығарған жоқ!
Оны баламен жұмыс жаса!- деп шығарған. Ал біздің қатындар не істейді?! Декретте іші кебеді, пысады! Баланың дамуын пішту көреді. Бір жұмыс тауып алсам деп қуады. Ақшасы жоқтарды түсінейік, жағдайы барың да сол. 

Нәтижесінде эмоционалдық, тілдік, әлеуметтік дамуы нашар бала өсіп шығады. Басында ол ойын баласы болған соң білінбейді, ертең сораңдап өскенде көресің! Енді оны қайда тығасың?! Кешегі ойын баласы емес, жұрт қарайды, сенің бағаң көрінетін нақ осы кез. Не істейсің? 

Сол үшін ана мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынасты декреттен баста, дүниетанымын кеңейт, өзін еркін сезінуге көмектес! Бала шошқа емес! 

Сен қазір үйдегіңе ойын баласы, деп мән бермейсің, ертең төбеттей болғанда екі көзің алақандай болады. Не амандаса алмайтын, не сөйлесе алмайтын қоғамның қабандай бір қара дәуін өсіріп шығасың. Жақсы ма?! 

1. Ана сәби үшін ең сенімді тұлға болып саналады. Оның жанында өмір бойы болмайсың, сол үшін дәл қазір қауіпсіз әрі жайлы өмірге үйрет! 
2. Анамен тұрақты қарым-қатынас жасау арқылы бала тілді тезірек меңгереді. 
3. Жылы сөз, құшақтау, мейірімді көзқарас жасасаң эмоционалдық байланыс қалыптасады. Бұл оның психикалық саулығына оң әсер етеді.
4. Ана баласына алғашқы күндерден бастап тәртіп, жауапкершілік, сүйіспеншілік сияқты негізгі адами құндылықтарды үйретсе өмірге тез бейімделеді. 
5. Декретте отырған ана баласымен ойнау, кітап оқу, шығармашылықпен айналысу арқылы оның жан-жақты дамуына ықпал ете алады. 
Үйдің емес елдің баласын өсірейікші…», — деп жазды блогер.