Бала зорлағандар жазасыз жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бала зорлағандар жазасыз жүр

Бала зорлағандар жазасыз жүр

Соңғы уақытта жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық жасау белең алып барады.

  • 21 Тамыз 2019
  • 41
Фото - Caravan.kz


Мәселен, кәмелетке толмаған Шымкенттік қыз 17 жастағы екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Мұнымен қоймай арсыздар, бұл әрекетін ұялы телефонға түсіріп,  видеоны әлеуметтік желіге жүктейміз деп жәбірленушіден ақша бопсалап келген. Әр қайсысына сот 5 жылдан үкім кесті. Бірақ, осыған ұқсас әлі күнге дейін шешім шықпаған зорлау фактісі жетерлік. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
"Олар ойласқан да біреуміз біріншы қылып алайық кейін сен нетесің деп. Сөйтіп байлап қойды. Біреуі аяқ-қолымды ұстап тұрды да қылды". 

Өзінің қатарластарынан теперіш көрген мына баланың жасы 13-те. Түркістан облысы, Сарағаш ауданы, Жылға аулындағы мектеп-интернатта  оқып жүргенде бір жыл бойы оны қатарластары зорлап келіпті. Соңында жасөспірім қорлыққа шыдай алмай, бәрін туыстарына айтып берген.      

"Жазасын алсын деп ойлаймын мен. Жазасын алу керек". 

Өмір бойына психологиялық соққы алған жасөспірімнің анасы бұған өз ісіне салғырт қараған мектеп әкімшілігін кінәлап отыр. Себебі, о баста білім ордасындағылар істі жылы жауып қоймақ болды, — дейді. Тіпті, күдіктілердің туыстары да кешірім сұрап ақша тықпалаған көрінеді. Келіншек барлық ұсыныстан бас тартып, әділдік іздеп Алматыдағы сотқа арызданған. Бірақ, айуандық әрекетке барғандардың 17 жастағысын кәмелетке толмаған деп босатып жіберген. Ал, екіншісінің үстінен қылмыстық іс те қозғалмаған. Өйткені, ол бар болғаны 14-те екен.  

АЛТЫНКҮЛ АРАПОВА, БАЛАНЫҢ АНАСЫ:
"№62 мектеп, Сейфуллин мектебінде изнасил орын алды. Менің баламды ауылымның екі баласы зорлаған. Қазір балам психический жайында емес, төмпешектеп жатып алады. Қатты ауыр сөз айтсаң қорқып қашып кетеді. Адамдардан қашады. Өз алдына жалғыз өзі жүреді. Нервничить етеді".

Арсыздардың айуандық әрекеттер тізімі мұнымен бітпейді. Күні кеше Байқоңыр қаласында да өз бауыр еті баласын зорламақ болған қаскөй ұсталды. Ащы суға сылқия тойып алған әкесі 5 жастағы қызына аялдамада арам ісін жүзеге асырмақ болған. Абырой болғанда, сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар бүлдіршінді аман алып қалды. 33 жастағы ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Дәл осындай жаға ұстатарлық жағдай Ақтөбеде де тіркеліп еді. 36 жастағы ер адам 13 жастағы қызын бір жыл бойы жыныстық қатынасқа итермелеп келген. Мектеп оқушысы бұл қорлықтан әбден шаршағанын айтып, анасына шағымданған болатын. Сұмдық жәйтті естіген келіншек 14 жыл отасқан күйеуінен ажырасып сотқа бергені де көпшіліктің есінде.   

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
"Менің отбасым үшін бұл үлкен трагедия. Қызым жаныма келіп, жайлап ғана бұл сорақылықтан шаршап кеткенін, түңілгенін, шыдамайтынын айтты. Бәрі түнде, біз ұйықтап жатқанда болған. Айтып қойсаң, өлтіремін деп қорқытқан. Бір жыл бұрын басталған зорлық қылып. Мен сенбедім, есеңгіреп қалдым. Қазір қызымның болашағы ғана алаңдатады. Мен оның заң жүзінде жазасын алғанын талап етемін!".

Тағдырына бала кезінде балта шабылғандардың жағдайына бей-жай қарамаған қоғам белсенділері де, аталған жәйтке байланысты өз ұстанымдарын көрсете білді. Мәселен, жуырда мәжіліс депутаты Дәния Еспаева зорлық жасаған арсыздарды өмір бойына түрмеге қамап, химиялық кастрация жасату керек деген ұсыныс айтқан болатын. Бірақ, қанша заң қатаңдаған күннің өзінде қорғансыз жандарға көз алартқандардың қатары әзірге азаймай тұр. 

Соңғы жаңалықтар