Жарияланды: 550

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін енгізу мәселесі көтерілуде

Қазіргі кезде елімізде балалар құқықтары жөніндегі уәкіл кызметін енгізу мәселесі көтеріліп, кеңінен талқылануда.

Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі Николай Калюжный айтты. «Осы мәселеге қатысты біздің ұстанымымыз былай, Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі ұлттық құқық қорғау мекемесі аясында енгізілуі тиіс, яғни Қазақстан Республикасы Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің орынбасары болуы қажет. Сонда ғана осы саладағы жұмыс күшейіп, азаматтардың құқықтарын қорғаудың нақты жүйесі қалыптасады», - деп атап көрсетті Н.Калюжный. Айта кетейік, бүгінгі таңда еліміздегі балалар құқықтарын қорғау қызметін ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитет атқарып келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть