“Балалар сабақ кезінде порно көреді”: Мектептегі жағдай қазақстандықтарды шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Балалар сабақ кезінде порно көреді”: Мектептегі жағдай қазақстандықтарды шулатты

“Балалар сабақ кезінде порно көреді”: Мектептегі жағдай қазақстандықтарды шулатты

Алматыдағы лицейлердің бірінде болған буллингтің видеосы желіде тарады.

  • 13 Мамыр 2022
  • 1155
Фото - Caravan.kz

Құқық қорғаушы Дина Смаилова Facebook-те оқиға туралы жазып, видеосын жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, бұл өте өрескел жағдай, бұл мектепте тәртіп, құрдас балалардың құқықтары мен шекаралары сақталмайтынын, мұғалімдерге құрмет жоқ екенін айқын көрсетеді", – деп жазды "Не молчи" қорының басшысы.

Сонымен қатар, балалар сабақ кезінде порнографияны ашық түрде көретіні де атап өтілді. Мұғалім мұны көрмегендей түр танытады екен.

Бұл видеоны жіберген әйел бірнеше баланың сыныптастарының, оның ішінде ұлының қорлауға ұшырағанын хабарлаған.

Исмаилованың айтуынша, зардап шеккен оқушы басқа мектепке көшкен, бірақ ол әлі де психологпен жұмыс істеуде.

Бейне 2022 жылдың қаңтарында 10-сынып оқушылары қатысуымен түсірілгені белгілі болды.

Оқиға фактісі бойынша Алмалы ауданының прокуратурасы Алматы қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне ұсыныс енгізді. Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша департамент әкімшілік іс жүргізеді..

Биыл 26 қаңтарда лицей басшысы ӘҚБтК-нің 409-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал оқушылардың іс-әрекеттеріне баға беру үшін полиция органдарына тексеру жүргізу тапсырылды.


 

 

ГОД РЕБЕНКА В КАЗАХСТАНЕ? НЕТ, КРАХ СИСТЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ! Сегодня наша горячая линия разрывалась от звонков мам, которые…

Posted by Dina Tansari on Thursday, May 12, 2022

 

Соңғы жаңалықтар