Балалар шипажайының қаражатын жымқырған бас есепшіге сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар шипажайының қаражатын жымқырған бас есепшіге сот үкімі шықты

Балалар шипажайының қаражатын жымқырған бас есепшіге сот үкімі шықты

Қостанай облысы Рудный қалалық соты балалар шипажайының бас есепшісі Анна В-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

  • 4 Желтоқсан 2014
  • 528
Фото - Caravan.kz


ҚР Қылмыстық Кодексінің 176-бабының 3-бөлігі және 307-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотынан Қостанай облыстық соты баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Анна В. есімді азаматша Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы «Рудный қалалық балаларға арналған туберкулезді емдеу шипажайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бас бухгалтер қызметін атқарған. Ол 2011 жылдың қаңтары мен 2013 жылдың желтоқсаны аралығында меншіккке және мемлекет мүддесіне қарсы қасақана қылмыс жасады.

Сонымен қатар Анна В. өз еңбекақысының мөлшерін асыра көрсеткен, қылмыстық әрекетінің нәтижесінде 666 007 теңге мөлшерінде қаражатты қымқырған. Ол мемлекет мүддесіне қарсы, ал өзгелерге пайда келтіру мақсатында бюждетті үнемдеуден қалған жалпы мөлшері 778 865 теңге болатын қаражатты алдын ала төлем ретінде өзгелердің шотына аударған.

Сот айыпталушы Анна В.-ға бес жыл бас бостандығынан айыру, 2 жыл мерзімге бухгалтерлік есеп жүргізумен байланысты қызметпен айналысу құқынан айыру жазасын тағайындады. ҚР ҚК 63-бабын қолдана отырып, сот жазаны екі жыл шартты түрде өтеуге үкім етті.