Балалар үйіне қайтарылған атыраулық қыздың анасы да тірі болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар үйіне қайтарылған атыраулық қыздың анасы да тірі болып шықты

Балалар үйіне қайтарылған атыраулық қыздың анасы да тірі болып шықты

Балалар ауылының директоры анасы мен әжесі қызды тәрбиелеуден қиналатындарын айтты.

  • 28 Мамыр 2018
  • 185
Фото - Caravan.kz

Атыраулық "Шаңырақ" балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева аталған балалар үйінде болған алты жастағы қызға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, бала перзентханада туыла салысымен, анасы одан бас тартқан. Бірақ кейінірек анасы қызына келіп жүрген. Соңында асырап алуға мүмкіндік беретін құжаттар рәсімделген. Қызды отбасына әкелген олар бір айдан кейін оны балалар үйіне қайта әкеліп тастаған. 

"Бала әжесінің қамқорлығына жазылды, бірақ әжесі жәрдемақының көлемі мен қыздың тәрбиесіне көңілі толмай оны балалар үйіне қайтып әкеліп тастады. Қыздың анасы үшінші топтағы мүгедек, оны 17-18 жасында босанған. Әжесі перзентханада шақалақтан бас тартты, осылайша қыз балалар үйіне түсті. Бірақ анасы бірнеше уақыттан соң өз-өзіне келіп, баламен сөйлесе бастады, бұған ешкім шектеу қойған емес. Осының себебінен біз басқа отбасыға қызды бере алмадық. Баланы өз туысқандарына қосу шешімін қабылдадық. Жарты жыл бойы қыздың биологиялық анасымен жұмыс істедік, бірақ ақыры осылай болды", – деді Гүлсара Ботатаева. 

Балалар ауылының директоры анасы мен әжесі қызды тәрбиелеуден қиналатындарын айтты. 

"Әжесі мен анасы бірге тұрады. Менің түсінуімше, олардың үйде өз ережелері бар. Олар бала есейіп қалды, өздеріне ыңғайсыздық тудырмайды деп күткен болуы керек. Баланы аларда не ойлағандарын нақты айта алмаймын. Кейін олар қамқорлықтан бас тартуларын ақшамен байланыстырды, екіншіден, баланы тәрбиелеуде қиналған. Таңертең немересін мектепке апаруға қиналған, қыз нөлінші сыныпқа барып жүр. Баланы тамақтандырудан, сабақ оқытудан қиналған. Яғни олар ақшаға ғана бола баладан бас тартпаған", – деді Ботатаева. 

Қазіргі кезде бала кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығында. Бірнеше сұрақ шешімін тапқан соң, балаға жаңа отбасы таңдалмақ. Ботатаеваның сөзінше, баланы асырап алғысы келетін бірнеше отбасы бар. 


"Қыздың анасы мүгедек болғанына қарамастан, ол жұмыс істейді, жалақы алады, сонда да қызын тәрбиелей алмай отыр. Бұл қыз үшін жаңа отбасы таңдау қиын іс емес, көп адам қыздың тағдырына алаңдаулы. Дәл қазір баланың статусын анықтау керек. Біз қызды басқа отбасына бере алмадық, оның себебі оған анасы келіп жүрді, ал енді қыз биологиялық отбасымен бірге тұрғысы келмейді. Қызды кешкісін қайтып алып келгенде, ол өте жабырқап тұрды, анасын да, әжесін көргісі келмеді. Бала бәрін түсінетін жасқа келіп қалды. Мүмкін басқалай болады деп күткен болар, соңы осылай аяқталды. Бала психологиялық түрде қалпына келуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", – деді "Шаңырақ" отбасылық түрдегі балалар ауылының директоры. 

Естеріңізге салайық, 27 мамыр күні бұл оқиғаның болғаны анықталды. Қыз бала балалар үйінде туғанынан бастап тәрбиеленіп келген. Мамандар қыздың әжесіне немересін бағуға рұқсат беретін құжаттарды жасасқан. Сөйтіп әжесі немересін отбасына алып келген. Әжесі бала асырап алғаны үшін берілетін айлықты бірінші рет алғанда қызды балалар үйіне қайтарып берген. Әжесінің сөзінше, жәрдемақы көлемі өте аз. 

Соңғы жаңалықтар