«Балалардың іші ауырады»: павлодарлық ата-аналар мектеп асханасына шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Балалардың іші ауырады»: павлодарлық ата-аналар мектеп асханасына шағымданды

«Балалардың іші ауырады»: павлодарлық ата-аналар мектеп асханасына шағымданды

Павлодарда ата-аналар мектеп асханасының жұмысын тексеруді сұрады. 

  • 7 Сәуiр 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, №41 ЖОББМ оқушыларының ата-аналары әлеуметтік желілерде азық-түлік сапасына шағымданды. Олардың пікірінше, балаларға дәмсіз тағамдар беріледі. Ал түскі астан кейін оқушылардың іші ауырады, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.

Аталған білім ордасына 2024 жылдың наурызына дейін «Кейтеринбург Қазақстан» ЖШС  қызмет көрсетеді. Қалалық білім бөлімі ата-аналардың өтінішінен кейін мектеп асханасының жұмысын тексереді.

«Мәселе бақылауға алынды. Санитарлық ережелер, тамақтандыруды ұйымдастыру ережелері бойынша мектептерде тамақтану сапасын ұйымдастыру мониторингі жөніндегі бракераждық комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына медицина қызметкері, мектеп әкімшілігі және ата-аналар қауымдастығы кіреді», –  деді білім бөлімінде.


Білім бөлімінде оқушылардың тамақтануына қатысты барлық мәселелер бойынша оқу орнының әкімшілігіне жүгінуге кеңес берілді.

Соңғы жаңалықтар