Балаларымның болашақ жарын ағайынына дейін тексеремін - Абзал Құспан - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларымның болашақ жарын ағайынына дейін тексеремін - Абзал Құспан

Балаларымның болашақ жарын ағайынына дейін тексеремін - Абзал Құспан

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан балаларының жар таңдауына араласатынын айтты.

  • 4 Мамыр
  • 5
Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол «El kz» YouTube арнасына берген сұхбатында болашақ құдаларын тексеретінін айтты.

«Кішкентайларынан қалжыңдап, балаларымның құлағына «келіншекті біздің алдымыздан өтпей, ақылдаспай алмайсыңдар» деп сіңіре беремін. Жырлардан мысал келтіріп, «әкесінің ақ батасын алмаған екен, арты осындай трагедия» болыпты дейміз. Қазіргі таңда ата-ана мейлінше баласының жар таңдауына араласуы қажет деп есептеймін. Себебі, біз қазір баяғыдай монолитті ұлт емеспіз. Біреудің отбасы діндар, біреудің отбасы керісінше атеист. Діндар отбасылардың өзі біреуі сопылық таным болса, бірі сәләфилік бағытта. Жастайынан отбасында көрген құндылықтар өзге болатын болса, ол жастар ертең қалай бір бірімен жақсы тіл табысып, өмір сүріп кетеді? Сондықтан, мен балаларымның болашақ жарларын түгел отбасы, ағайындарына дейін тексертіп барып аламын. Онсыз болмайды. Кеңес үкіметі кезінде, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жағдай әлдеқайда оңай еді. Бір ауылда тұрады. Кімнің қандай отбасы екенін бүкіл ауыл біледі. «Оның тәрбиесі дұрыс» деген бір ауыз сөз жетеді. Бәрі елдің, ауылдың көз алдында. Қазір осыдан айырылып қалдық. Өзіміз жақсы білетін отбасылармен құда болуға тырысамыз. Біреудің қызына көз салып, құда болайық деп қалжыңдасып жатамыз. Қалжыңның астында ата-аналық тілегіміз бар. Дәл сондай жағдай қыздарымызға қатысты болып жатады. Ол кезде қызғанып қаламыз», — дейді депутат.