"Балаларымның алдында кінәлімін, бес баламнан кешірім сұраймын":Сәбит Әбдіхалықов (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Балаларымның алдында кінәлімін, бес баламнан кешірім сұраймын":Сәбит Әбдіхалықов (видео)

"Балаларымның алдында кінәлімін, бес баламнан кешірім сұраймын":Сәбит Әбдіхалықов (видео)

Сәбит Әбдіхалықов бірінші рет отбасындағы жағдайға байланысты өз пікірін білдірді. Ол өзінің тұңғышына берген сұхбатында алты баласының барына риза екенін және олардың барлығын бірдей жақсы көретінін айтты.

  • 19 Қараша 2020
  • 7645
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы KYN.KZ.-ке сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен әке ретінде барлық балаларымнан кешірім сұраймын. Мен Асылжаннан, төрт қызымнан олармен бірге тұра алмағаным үшін кешірім сұраймын."

Маған Алла қанша өмір беретінін білмеймін. Мен бірақ қазіргі алты балам үшін өмір сүремін. Солардың жақсы өмір сүруіне барымды саламын, соларға жағдай жасау үшін жұмыс істеймін.

Барлық баламды бірдей жақсы көремін әрі шын жақсы көремін. Олардың аналарымен болған арадағы түсінбестік ол ата-ана ретінде біздің қателігіміз. Біздің тағдырымыз. Оған балалардың еш кінәсі жоқ. Әр балам дүниеге келгенде барлығына бірдей қуандым.

Ұл-қыз деп бөлмеймін”,- деді Сәбит Әбдіхалық ұлы Асылжанға берген сұхбатында.


Танымал актер Сәбит Әбдіхалық тұңғышы Асылжан дүниеге келгенде қалай қуанғанын есіне түсіре алмады.

Ойдан құрастырып, асыра сілтегісі келмейтінін де ашық айтқан актер, ол кезде жас болғанын, өзі бала болғанын айтты.