"Балаларын жаннатқа жіберген. Намазхан болса, сауап болады": Ақтауда үш баласын өлтірген әке Алла разылығы үшін істеген бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 465.28
  • 499.2
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Балаларын жаннатқа жіберген. Намазхан болса, сауап болады": Ақтауда үш баласын өлтірген әке Алла разылығы үшін істеген бе?

"Балаларын жаннатқа жіберген. Намазхан болса, сауап болады": Ақтауда үш баласын өлтірген әке Алла разылығы үшін істеген бе?

Ақтауда үш баласын балталап өлтірген әкені қолдағандар да табылды. 

  • 28 Наурыз 2023
  • 4876
Фото - Caravan.kz

Қолдап пікір жазғандар туралы Бибігүл Рамазан Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бірнеше күннен бері желіде тараған сұмдық ақпарат халықты дүр сілкінтті. 

"Ату жазасын беру керек. Оны түрмеге қамап, екі мезгіл тамақ беріп, асырағанша. Құдай сақтасын", "Жек көрем надан салафиттерді", "Тезірек тиым салмаса күш бермей кетеді-ау", "Сахабалар ешқашан балдарын құрбандыққа шалмаған. Мынау адам есі ауысқан, бұндай діннен тайганап кеткен адамдар қоғамға ең қауіпті", деп шошыған халық, тоқтам болып, ату жазасын беру керегін айтты. 

Айта кетейік, Ақтау қаласындағы 27-шағын аудандағы пәтерден зорлықпен өлтірілген балалар табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады.


Соңғы жаңалықтар