«Балам алғаш рет қадам басты»: Ерекше баланың анасы оңалту орталығының жұмысы жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Балам алғаш рет қадам басты»: Ерекше баланың анасы оңалту орталығының жұмысы жайлы айтты

«Балам алғаш рет қадам басты»: Ерекше баланың анасы оңалту орталығының жұмысы жайлы айтты

Әңгіме «Дәметкен-Ана» балаларды оңалту орталығын салып, жабдықтаған «Дәметкен» жеке қайырымдылық қоры туралы болып отыр.

  • 2 Ақпан 2022
  • 21631
Фото - Caravan.kz

Орталық Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы ауылында орналасқан. Орталық жүйке-психикалық патологиясы және тірек-қимыл жүйесінде ауруы бар балаларға кешенді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

2020 жылы ҮЕҰ Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде «Бірге біз күштіміз» жобасын ұсынып, нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантын жеңіп алды. Оның міндеті – ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен мамандарға көмектесу. Грант балалардың шығармашылығын дамыту үшін қажет оңалту тренажерлары мен кеңсе тауарларын сатып алуға мүмкіндік берді.

«Бірге – біз күштіміз» жобасы 25 бала мен олардың ата-аналары мен қамқоршыларын қамтыды. Осылайша, «Ата-аналар мектебінде» ересектер оңалтудың маңызды әдістерін үйренді. Психолог, дефектолог, еңбек терапевті және ЕДШ маманы балалармен жүйелі түрде сабақтар өткізді.

Орталыққа жүйелі түрде бару және емдік дене шынықтыру сабақтарына қатысу арқылы церебральды сал ауруына шалдыққан сегіз жасар Нұрасыл аяғын басып жүретін болды.


Бала тек еңбектеп, жорғалап жүретін, ол «арбаға таңылған». Ол бірінші рет қадам басты. Біз оған «Тұсау кесу» рәсімін жасадық. Нұрасыл таңертең киініп, орталыққа апаруымызды талап етеді. Қазір балам өзгерді, көздері қуаныштан жарқырай бастады! – деді Нұрасылдың анасы Жанна Жақсылықова.

Сабаққа қатысқан балалардың 95%-да психологиялық оң өзгерістер, жаңа дағдылар мен әдеттер байқалды. Сөйлемейтін бес адамның үшеуі алғашқы сөзін айтты, үшеуінің екеуі алғашқы қадамдарын жасады. Республикалық сурет байқауында тоғыз баланың жұмыстары жоғары бағаланып, дипломдармен марапатталды.

Жобаның арқасында балалардың жағдайы ғана жақсарған жоқ. Өзгерістер отбасындағы қарым-қатынасқа да әсер етті. Көптеген ата-аналар оңалту дағдыларын игеріп, ерекше баласына көбірек көңіл бөле бастады. Олар балаларын түсінуге, олармен байланыс орнатуға, тыңдауға және қолдауға дағдыланды.

Соңғы жаңалықтар