Баламның әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған: Дана Нұржігіт өткен өмірін есіне алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баламның әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған: Дана Нұржігіт өткен өмірін есіне алды

Баламның әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған: Дана Нұржігіт өткен өмірін есіне алды

Дана Нұржігіт өткен өмірінен сыр шертті.

  • 3 Шiлде 2019
  • 2773
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Сатқындық деген не?
Тұтқиылдан келген жау болса,мейлі,ал жан тәніңмен берілген жарың сатқындық жасаса ше? Осының уын ішкендер аз емес,білемін! Ана болу жолында жанкештілікке даяр мен ешбір кедергіні көзге ілмейтін едім. Әмбе-әулиелерді аралап, ем іздеп, дәрігерден дәрігер тауып,аяғында ЭКО тәсіліне жүгіндім. Медицинаның бұл саласын керек етпейтіндер ең бақытты жандар шығар! Ал,бөбектің иісін аңсаған жұптар үшін бұл соңғы мүмкіндік. Сондай-ақ, медицинаның заманауи жетістіктері расында да үлкен үміт сыйлайды.Сол орталықтарды жағалап жүріп,мен небір оқиғаларға куә болдым. Бұл өмірде бәрі де мүмкін! Бәрін түсінуге болады,кешіруге болады! Егер ол ізгілікке,жаңа өмірге,қуанышқа жеткізер жол болса ғана… Мен, кезінде қызын қорып, "оқуды ғана біл!" деп өсіріп,аяғында "немерелі болғымыз келеді"деп,отырып қалған кәрі қызын дәрігерге жетектеп,"ішіне бірдеңе салып бер" деп келген шал-кемпірді көрдім,баласымен жасты ұлмен қолтықтасып анализ тапсырып жүрген келіншектерді көрдім, жап-жас қыздың қасынан мосқал тартқан шалды көрдім… Ешкімді айыптамаймын… Бұл-өмір.Журналист болған соң бәрін көресің.Көресің де,ой түйесін.ЭКО-ер мен әйел клеткаларын табыстырып,жатырға қондыратын миссияны орындайтын тәсіл ғана!Ал,қалғаны бір Алланың қолында. Оны дәрігерлер де мойындайды. Табиғаттағыдай бала бірден бойыға қона салмайды. Бір емес,бірнеше рет жасалуы мүмкін. Жасалу деп айтуға ғана оңай,ал ол қанша уақыт,денсаулық,қала берді,қаржы! Болмай қалса,психологиялық соққы. Содан соң жиналып алып,қайта тұрып,бәрін басынан бастау! Ол "адам басына бермесін" дейтін тар жол тайғақ кешу. Мен Әлімді бауырыма алғанша сол жолды 11 рет шыр айналдым! Қазір ойлансам,ақылға қонбайтын жанкештілік! Көзсіздік!
Соның бәрін бірге өткен баланың әкесі бір күні сатқындық жасайды деп кім ойлаған?!", деп жазды желідегі парақшасында. 

Тележүргізушінің оқырмандары Дана ханымның алдығы өміріне тек сәттілік тіледі. 


Соңғы жаңалықтар