"Баламның психологиясына әсер етті": Гүлзира Айдарбекова Қайратты мамасының баласы дейтіндерге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Баламның психологиясына әсер етті": Гүлзира Айдарбекова Қайратты мамасының  баласы дейтіндерге жауап берді

"Баламның психологиясына әсер етті": Гүлзира Айдарбекова Қайратты мамасының баласы дейтіндерге жауап берді

Гүлзира Айдарбекова "Қайратты Қайрат еткен мамасы ма?" деген көпшіліктің сұрағына жауап берді. 

  • 5 Қазан 2023
  • 125
Фото - Caravan.kz

Ол бұл сөз бір кездері Қайрат Нұртастың психологиясына да әсер еткенін жасырмады, деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қайрат мамасының баласы деген сөзді өте көп айтты. Қаншама жылдар бойы баламның психологиясына әсер етті десем де болады. Одан кейін Қайрат бір концертінде халыққа жауап берді. "Сен мүгедек болсаң да, сен қандай жағдайда болсаң да сені тастамайтын анаң ғана",  деп айтты. Баланың бақыт ананың табанының астында дейді ғой. Балам сол сөзді айтқанда өзім де жеңілдеп қалдым. Өйткені өзім де ыңғайсызданатынмын. Бұл енді Алланың берген бағы ғой. Қайраттан да мықты қаншама әнші бар. Бірақ, бақты құдай кімге береді? Кім көтере алады, соған береді. Қайрат менің арқамда жүр дейтіндей мен оның орнына барып ән айтпаймын. Қайраттың потенциалын көтеріп, шығуына себепкер анамын. Менің ана жүрегім оған көмектескісі, оның арманын орындағысы келді. Қаншама адамдардың алдына барып продюсер болсаңыз екен деген өтінішім де болды. Ол кезде Қайрат танымал болмағаннан кейін ешкім елемеді. Кейін шыққаннан кейін барып бізге келіңіз деді. Бірақ ол кезде кеш болды. Мен бастаған ісімді аяқтап, өзім айналысып кеттім. Менің арманымның орындалғанына әлі күнге дейін қуанамын", — дейді продюсер ана.


Соңғы жаңалықтар