"Баламыз тазикте ұйықтады, бесік алатын ақшамыз болмады: Өнер Қырандары театрының актері қатты қиналған кездерін еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Баламыз тазикте ұйықтады, бесік алатын ақшамыз болмады: Өнер Қырандары театрының актері қатты қиналған кездерін еске алды

"Баламыз тазикте ұйықтады, бесік алатын ақшамыз болмады: Өнер Қырандары театрының актері қатты қиналған кездерін еске алды

Өнер қырандары театрының актерлері Мадияр Серікбаев пен Дана Тұрарбек жоқшылық күндерін еске алды. 

  • 7 Маусым 2023
  • 629
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы олар "Нартай Аралбайұлына берген сұхбатта айтты, деп хабарладйы Caravan.kz медиа порталы. 

"Біз тұрмыс құрғанда екеуміз де студент едік. Стипендиямыз бен баланың пособиясын қосып жатақхананың ақшасын төлейміз. Бірақ ол кезде біз оны қиыншылық деп қараған жоқпыз. Ол кездің бәрі өтті, шүкір. Ерлі-зайыптылардың мақсаты мен көзқарасы бір жақта болса, ешбір қиыншылық қиыншылық емес. Ақша құндылық болып кетпеуі керек, —  дейді олар.

Сондай-ақ Мадияр Серікбаев тұңғыштары дүниеге келген кезде тіпті бесік алуға ақшалары болмағанын айтқан. 

"Алғашқы қызымыз туылғанда тазик алғанбыз. Бір күні келсем анам тазик тербетіп отыр. Бізде манеж алуға ақша болған жоқ. Баланы шомылдырып болғаннан кейін тазикті құрғатып, соның ішіне жатқызып, тербетіп ұйықтататынбыз. Сабаққа жүгіріп барып келеміз, анамыз балаға қарап отырады. Анамның  денсаулығы нашар болды, жүре алмайды, отырып қарап отыратын. Біз сабақ арасында баланы тамақтандырып  қайтып сабаққа кететінбіз. Сол тазикте тербеліп өскен бала бүгін 9 сыныпты бітіріп жатыр", — дейді ол. 


Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр