Баландиннің жейдесі мен Головкиннің қолғабы Бурабайда бәссаудаға шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баландиннің жейдесі мен Головкиннің қолғабы Бурабайда бәссаудаға шығарылады

Баландиннің жейдесі мен Головкиннің қолғабы Бурабайда бәссаудаға шығарылады

Бүгін Ақмола облысының Бурабай курортты аймағында қайырымдылық аукционы өтеді, онда жүзу бойынша Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жейдесі мен боксшы Геннадий Головкиннің қолғабы сатылымға шығарылады.

  • 27 Тамыз 2016
  • 361
Фото - Caravan.kz

Аукционда Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының, Қазақстан теннис федерациясының, танымал қазақстандық және халықаралық компаниялардың топтамалары сатылады.

"Astana Pro Team" велокомандасы қатарынан үш тауар ұсынды: Фабио Арудың жаттығуға арналған олимпиадалық велосипеді, Винченцо Нибалидің Джиро д'Италияда жеңіске жеткен Джерсиі және Испанияда өтетін Вуэльта-2016 веложарысының финалына үш күндік сапар жолдамасы.

Сонымен бірге, қайырымдылық шарасына Рио Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлері: Данияр Елеусінов, Нижат Рахимов, Василий Левит және Гюзель Манюрова келеді.


Аукцион Бурабайда төртінші рет өтетін Charity Tour de Burabay 2016 қайырымдылық велотурынан кейін басталады.

Соңғы жаңалықтар