Жарияланды: 100

Баланы қоқысқа тастайтын өзіміз: Баян Алагөзова бар мәселеге билікті кінәлайтындарға назын айтты

Баланы қоқысқа тастайтын өзіміз: Баян Алагөзова бар мәселеге билікті кінәлайтындарға назын айтты

Баланы қоқысқа тастап, зорлап жатқан өзіміз! Баян Алагөзова елдегі бар мәселеге билікті кінәлайтындарға назын айтты. Танымал продюсердің айтуынша, жемқорлық пен елде болып жатқан бассыздықтарға қарапайым халықтың өзі жол беріп отыр.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Продюсер өз сөзінде ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың сөзін келтірді. Онда билік өкілі: “Қазақстанда сөз бостандығына беретін бағам 10-нан 7-8”, – деген.

Бұл орайда Баян Мақсатқызы Абаевпен келісетінін жеткізді.

“Министрмен аздап келісемін. 7-8 бал болмаса да, жалпы қолымнан ешкім қаққан емес. Өз пікірімді сұхбаттарда, жеке парақшамда ашық білдіріп жүрмін. ФБ-ға сирек кіремін, себебі нағыз сөз бостандығы сонда… Цензураға ешқандай шек қойылмастан, елдің бәрі билікті жамандайды. Сол лас дүниелерді оқудан шаршадым, қазақстандықтардың ештеңеге көңілі толмайды. Мүмкін біздің болмысымыз сондай шығар? Барлығына қарсы шығу бізге тән дүние. Ең қызығы, билік өкілдері мұндай нәрселерге онша назар аудармайды, экономика тек қағаз жүзінде, ал жемқорлық күннен күнге өркендеп барады. Бірақ бұл бассыздықты құрап отырған өзіміз ғой. Өзіміз ақша береміз, асфальтқа түкіреміз, жезөкшелерді қамшымен сабаймыз, балаларды да зорлап, қоқыс жәшігіне тастап жатқан өзіміз. Бірақ бәріне билікті кінәлаймыз. Шынымды айтсам, тауық қайда, жұмыртқа қайда, шатасып кеттім”, – дейді продюсер.

Бұдан бөлек, Баян Мақсатқызы Дәурен Әскербекұлынан қызы Айсәулеге сұхбат беруін өтінген.

“Ыңғайсыз сұрақтар қойылатынын ескерттім. Бірақ білесіздер ме? Ол келісті (бірақ әзірге уақытын белгілемеді). Міне, сіздерге жас шенеунік. Сондықтан да достар, әркім өзінен бастасын және орнында жатып алмасын. Жалпы не ойлайсыздар бұл жайлы?” – деп түйіндеді сөзін продюсер.

Оқи отырыңыз:

Енді Тұрсын Алагөзовтің әкесі сотқа шақырту алды

Италиялық ғалымдар жазылмайтын дерттің емін тапты

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін