Жарияланды: 120

Баланың күлгенін естіген: Камерадағы видеоны көрген отбасы үйінде болып жатқан сұмдықты біліп, шошып қалды (видео)

Баланың күлгенін естіген: Камерадағы видеоны көрген отбасы үйінде болып жатқан сұмдықты біліп, шошып қалды (видео)

Англияда 39 жастағы әйел үйіндегі бейнебақылау камерасына тылсым әлемдегі жаратылыс түсіп қалғанына сенімді.

Екі баланың анасы Аманда Пападопулос пен оның отбасы түсініксіз жайттан кейін шошып қалған. Ол таяуда көшіп келген үйінің ауласынан біртүрлі жаратылысты байқапты. Бұлдыраған пішін оқыс қимылдар жасап, жүгіріп жүрген. Ол бақылау камерасына түсіп қалыпты, деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Видеоны көріп, қатты шошыған әйел өз нұсқасын айтты. Оның сөзінше, видеодағы түсініксіз жаратылыс – ескі үйге жасалған жөндеу жұмыстарына ашуланған баланың елесі. Бұған дейін 1903 жылы салынған ғимарат мектеп болған екен.

Сонымен қатар Аманда өзі және отбасының мүшелері үйдені біртүрлі дыбыстарды естігенін айтады. Мысалы, сарбаздардың сап түзіп жүргенінің даусы. Тіпті, бірде үйден баланың күлгенін естіпті. Бұл кезде Аманданың балалары ұйықтап жатқан екен.

«Мен шынымен де мұны естіп тұрмын ба әлде есімнен адаса бастадым ба?» - деп ойладым. Сол кезде түн ортасында қызым да оянып кетті», - дейді Аманда Пападопулос.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін