"Бала-шағаңмен өртеп кетемін": Желіде тағы бір "завучтың" видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бала-шағаңмен өртеп кетемін": Желіде тағы бір "завучтың" видеосы тарады

"Бала-шағаңмен өртеп кетемін": Желіде тағы бір "завучтың" видеосы тарады

Желіде әлдебір оқу ордасында екі әйелдің дауласып жатқан видеосы тарады. Олардың бірі тіпті бала-шағаңмен бірге өртеп кетемін дегенді айтады.

  • 6 Қазан 2021
  • 4320
Фото - Caravan.kz

Ал видеоға түсіріп тұрған адам "оқу ісі меңгерушісінің сөзі" осындай деп сөмке лақтырған әйелге баға береді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оқиғаның еліміздің қай өңірінде және қашан болғаны белгісіз. 

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек аталған видео туралы былай деп жазды:

"Тағы бір зауыш өз өнерін көрсетуде!

Askhat Aimagambetov мырза!

Түркістан облысы білім саласын қашан өз назарыңызға аласыз?

Адам өлгенде ғана көңіл аударасыз ба?",- деп жазды ол. Видео интернеттен алынған екен.   

Оқиғадағы жұлысқан әйелдердің видеосын көрген көпшілік "мұндай ұстаздарға баламызды қалай оқытамыз", "Егер мұғалім өртеймін деп тұрса басқалардан не күтеміз, "жағдайдың қалай болғанын білмейміз ғой, анық қанығы белгілі болмай артық сөйлемейік", деген сияқты пікірлер қалдырған.  


 

Тағы бір зауыш өз өнерін көрсетуде! Askhat Aimagambetov мырза! Түркістан облысы білім саласын қашан өз назарыңызға аласыз? Адам өлгенде ғана көңіл аударасыз ба? Видео интернеттен алынды.

Posted by Aigul Orynbek on Tuesday, October 5, 2021

 

Соңғы жаңалықтар