Баласы анаша сатқаны үшін 12 жылға сотталған ана басынан өткен қиын күндерін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баласы анаша сатқаны үшін 12 жылға сотталған ана басынан өткен қиын күндерін айтты

Баласы анаша сатқаны үшін 12 жылға сотталған ана басынан өткен қиын күндерін айтты

Баласы анаша сатқаны үшін ұсталып, 12 жылға сотталған ана басынан өткен қиын күндерін айтып берді.

  • 15 Маусым 2018
  • 430
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Студияға келген 37 жастағы Алмас анаша сатып, 12 жылға сотталып кеткен. Ол абақтыдағы жақсы тәртібі үшін 7 жылдан кейін босап шығыпты. Басына қиын күн туғанда достарым теріс бұрылды деген ер адам, жанына тек анасының табылғанын айтты. 5 жылдан соң анамның қадірін түсіндім дейді, ол.

Өз кезегінде Алмастың анасы сол кездері көрген бейнеті туралы айтып берді.

«Барлық ана баласы ақ болсын, қара болсын, қабылдайды. Алмастың 2 жасында әкесі қайтыс болды. Жас өмірімді қиып, екі баламды жеткіздім. Жап-жақсы болып келе жатқанда, балам аяғын шалыс басты. Ұлымның есірткі сатумен айланысып, ұсталып қалғаны туралы қызым жұмысыма келіп айтты. Сол кезде басымнан біреу суық су құйып жібергендей болды. Сөйлей алмай қалдым. Екі жыл бойы сөйлей алмадым. Тамағыма өксік тұрып қалғандай болды», – дейді Алмастың анасы.

Анасының айтуынша, ол қанша қиындық көрсе де, Құдайды жазғырмаған. Керісінше, ұлымның тәрбиесінде нені  ескермедім деп, өзінен кінә іздей бастапты.


«Қай жерден қателік жібердім деп өзімнен кінә іздей бастадым. Мен әлсіз болған шығармын деп, өзімнен кінә іздедім. Бір жылдан кейін ұлымды Таразға ауыстырды. Сол кезде түрмеде отырған баламмен кездестім. Онымен сөйлесіп, қатты қиналдым. Далаға шыға салысымен отыра қалып, өкіріп жыладым. Қайта туыстарым қолдау білдіріп, басу айтты. Мен Құдайды кінәламадым. Маңдайыма жазған сынақ шығар деп ойладым», – дейді әйел.

Одан бөлек бағдарламаға хабарласқан ана 15 жастағы баласынан күдіктеніп жүргенін айтты. Анасының айтуынша, баласы өзінен алған ақшасына сағыз сатып алады екен.  Басында мән бермеген ана кейіннен баласы ол сағызды басқа адамдарға да сатып жүргенін естіген. Яғни ол сағыз анашаның бір түрі екен деп уайымдап отырғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар