Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.
Жазба авторының айтуынша, ол баласын ұрып, одан қалса, тепкен екен. Ал өзін сабырға шақырғандарды балағаттаған.
«Мынау бүгін Шымкентте жұмыспен қамту бөлімінің əжетханасында болған. Баласын ұрып-теуіп, мына əйел араша түскен адамдарға сөз айтқан», – деп жазған автор.
Өз кезегінде желі қолданушылары сәбиіне аяушылық танытпаған әйелге ашуланды. Көпшілік баланың жағдайына алаңдап жатқандарын жазған.