Жарияланды: 40

Баласын ұрып талдырған әкенің сотында шу шықты

Баласын ұрып талдырған әкенің сотында шу шықты

 

Алматыда 4,5 жастағы ұлын ұрып талдырды деген күдікпен ұсталған Мұрат Асқароғлыға қатысты сот үкімі оқылмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот алдында өз баласын ұрып өлтірмек болды деген күдікпен әкесі жауап беріп жатыр. Жарыссөз кезінде прокурор оны 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру туралы жаза сұраған болатын. Сот отырысы алқа билердің қатысуымен өтті. Судья үкімді оқи бастаған сәтте айыпталушының туыстары айғай-шу шығарды. Сондықтан, судья залдан шығып кетуге мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 16 шілде күні Одесская және Брянская көшелерінің қиылысында болды. Тұрғындар тал түбінен 4,5 жасар баланы тауып алған. Бала шала-жансар күйінде шұғыл ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Алматы полициясы жантүршігерлік оқиғаға күдікті ретінде баланың әкесін ұстады. Мұрат Асқароғлы өз кінәсін мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ер адам мастықтан есеңгіреп тұрғанда баласының қыңқыл-сыңқылын көтере алмай, таспен самайынан бір-ақ ұрған. Мұрат Асқароғлы ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 3-тармағымен («Дәрменсіз адамды өлтіруге оқталғаны үшін») және ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен айыпталуда. Судья бұл істі тоқтатып, қайта тергеуге жіберген болатын. Биыл сәуірде іс қайта жалғасты.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін