Балқаш маңында жол апаты болып, полицей қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаш маңында жол апаты болып, полицей қаза тапты

Балқаш маңында жол апаты болып, полицей қаза тапты

Балқаштан 45 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болды.

  • 15 Сәуiр 2021
  • 18
Фото - Caravan.kz

Патрульдік көлік пен Volvo жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы қаза тауып, серіктесі ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Volvo жүк көлігі тізгінінде 41 жастағы жүргізуші болған. Kia Rio маркалы қызметтік көлікті облыстық патрульдік полиция батальонының 33 жастағы инспекторы басқарған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметте болған 46 жастағы жолаушы Хайдар Оразбаев қаза тапты. Ол облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы болып жұмыс істеді. Арнайы көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Қарағанды облысы Ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

 Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев ішкі істер органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді. Үйленген және төрт баласы бар.


Соңғы жаңалықтар