Балқаш шенеуніктері саунада мас күйінде төбелес шығарған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаш шенеуніктері саунада мас күйінде төбелес шығарған

Балқаш шенеуніктері саунада мас күйінде төбелес шығарған

Қарағанды облысының Әдеп жөніндегі кеңесі Балқаштың Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Әнуар Сәмиевке қатысты тәртіптік

  • 28 Наурыз 2017
  • 648
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысының Әдеп жөніндегі кеңесі Балқаштың Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Әнуар Сәмиевке қатысты тәртіптік істі қарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызметтік тергеудің материалдарына қарағанда, саунадағы отырыс биыл қаңтар айында болған. Сәмиевпен бірге саунада тағы "Балқаш­ Су"-дың бірнеше шенеунігі болған. Мемлекеттік қызметкерлер шомылып қана емес, сондай-ақ, ішімдік ішіп отырған. Осылайша, отырыс кезінде қызметкерлердің бірі соққыға жығылған. Сонымен қатар, іс материалдарына қарағанда, Әнуар Сәмиев саунадан мас күйінде шыққан. Содан кейін "Балқаш­ Су" басшысы соққыға жығылған қоластындағы қызметкеріне айғайлап, балағаттап, жұдырық ала жүгірген.

Зардап шеккен ер адам әрең дегенде саунадан аяқкиімсіз және сырт киімсіз жүгіріп шыққан. Сол күні жарақат алған қызметкер Балқаш қаласының Орталық қалалық ауруханасының ауруларды қабылдау бөлмесіне келген. Дәрігерлер оны тексеріп, жарақаттанған ер адам травматология бөліміне жатқызылған. Ал кейінірек зардап шеккен ер адам Жемқорлыққа қарсы күрес өкілдеріне және полицейлерге хабар берген.

Ал Әнуар Сәмиев Әдеп жөніндегі кеңес өкілдерінің алдында кінәсін толықтай мойындамады. Ол ақталмақшы болған. Сәмиевтің айтуынша, ол саунаға жұмыстан кейін барған. Алайда саунаның қонақтарды тіркеу кітабына қарасақ, мемлекеттік қызметкер онда сағат 15.30-да келген. "Мен саунаға сағат 19.00-де келдім. Әкімдермен өткен есеп беру кездесуінен келе жаттым. "Балқаш Су" қызметкерлері ол кезде сонда болды. Мен алкогольдік ішімдіктерді ішкенімізді мойындаймын. Мен тек 3 рөмке іштім. Ешқандай төбелесті көрген жоқпын. Ерте кеттім. Мен кетіп бара жатқан кезде олар жақсы отырған. Мен төбелес болады деп ойламадым", — деді шенеунік. Сонымен қатар, ол денсаулығына байланысты саунаға тек буға түсу үшін келгенін айтты. Содан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Әнуар Сәмиевке қатаң жаза сөгіс жариялау туралы шешім қабылдады.

Ал "Абай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Саят Жарқынбаевқа қоластындағылардан ұжымдық шағым түскен. Олар шенеуніктің дөрекілігіне және оның мекеменің көлігін мақсатсыз пайдаланып жүргеніне шағымданған. Саят Жарқынбековтың айтуынша, ол көлік құралын тек мекеме мамандарымен мал дәрігерлік нысандарды тексеру кезінде қолданады. Ал дөрекілігі жайлы шағымдарды ол жала деп атады. Алайда шенеуніктің ақталғанына қарамастан, Кеңес мүшелері Жарқынбековтың әрекеттерінде қызметтік әдеп нормаларының бұзылғанын анықтады. Осылайша, қызметтік тергеу материалдарын зерттеп, Жарқынбековтың түсініктемесін тыңдап болған соң қатаң сөгіс жариялау туралы шешім қабылдады.


 

Соңғы жаңалықтар