"Балқаш Су" КМК бұрынғы директоры сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Балқаш Су" КМК бұрынғы директоры сотталды

"Балқаш Су" КМК бұрынғы директоры сотталды

Балқаш қалалық "Балқаш Су" КМК бұрынғы директоры лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

  • 4 Қазан 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Балқаш қаласы әкімдігінің "Балқаш Су" КМК-ның бұрынғы директоры Т.О.Ежибаевқа қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Балқаш коммуналдық қызметтер бойынша тарифтік сметаны негізсіз көтеру арқылы 282 млн. теңге сомасында қаласының тұрғындарына шығын келтіріп, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген болатын. Келтірілген шығын өтемдік тарифті енгізу есебінен толық өтелді.

Ағымдағы жылдың 3 қазанында Балқаш қалалық сотының үкімімен Балқаш қаласы әкімдігінің "Балқаш Су" КМК-ның бұрынғы директоры қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін сотталып, оған 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды..