«Нерест» алдын-алу шарасын жүргізу барысында табиғатты қорғау полициясының инспекторлары 39 жастағы Балқаш тұрғынының «Фотон» 525 автокөлігін тоқтатқан. Көлік салонын тексеру кезінде оның ішінен алты тоннаға жуық түрлі балық табылды», — делінген хабарламада.
Ер адамда балықтарға қатысты құжат болмай шыққан. Ауланған балықтың барлығы тәркіленді. Аталған дерек негізінде су жануарларын заңсыз аулауға қатысты ҚР ҚК 287 бабының 2-тармағының «в» пункті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеуалды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.