Балқаштың екі тұрғынына героин лақтырған полиция офицерлері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаштың екі тұрғынына героин лақтырған полиция офицерлері сотталды

Балқаштың екі тұрғынына героин лақтырған полиция офицерлері сотталды

Қарағандының Қазыбек би аудандық N1 соты дүйсенбі күні екі полиция офицеріне айыптау үкімін шығарды.

  • 30 Маусым 2014
  • 386
Фото - Caravan.kz

Облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқарма басшысы болған Талғат Ақшалов пен оның орынбасары болған подполковник Кенжетай Атағұлов жалған айғақ келтіріп, қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Т.Ақшалов алты жылға, К.Атағұлов бес жылға бас бостандығынан айырылды. Соным ен қатар, олар арнайы әскери атақтарынан айырылды.

Сотталған Т.Ақшалов ұсталған кезде Қарағандыдан Астанаға ауысып, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінде ерекше істер жөніндегі бас уәкілетті өкіл болып жұмыс істеген.

Іс материалына сәйкес, Т.Ақшалов пен К.Атағұлов 2007 жылы шілде айында 2,8 грамм героинді Балқаш қаласының екі тұрғынының қалтасына салып, оларды есірткі қылмысына күдікті ретінде тұтқындаған.


Сот күдіктілерге қатысты айыптау үкімін шығару үшін негіз таппай, олардың қылмыстық ісін прокуратураға қосымша тексеруге жіберген. Прокуратура олардың әрекетінде қылмыс құрамы жоқтығына байланысты істі тоқтатқан.