Балқаштың қалдық жыныстарының үйіндісінің негізінде құрамында мыс бар қоқыстарды өңдейтін зауыт салу жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаштың қалдық жыныстарының үйіндісінің негізінде құрамында мыс бар қоқыстарды өңдейтін зауыт салу жоспарлануда

Балқаштың қалдық жыныстарының үйіндісінің негізінде құрамында мыс бар қоқыстарды өңдейтін зауыт салу жоспарлануда

Қарағанды облысында үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДБ) бойынша Балқаштың қалдық жыныстарының үйіндісінің негізінде құрамында мыс бар қоқыстарды өңдейтін зауыт салу жоспарлануда, деп жоба жетекшісі, «PROFILEX» компаниясының өкілі Қайрат Дурманов мәлім етті.

  • 9 Маусым 2011
  • 598
Фото - Caravan.kz

«Жоба құрамында мыс бар қоқыстардан қара мыс пен қымбат металлдарды өндіруді көздейді. Оның жалпы құны – Т5,8 млрд. Жобаны іске асыру екі кезеңмен іске асырылады. Алғашқы кезеңінде тәулігіне құрамында мыс бар 3000 тонна қоқысты байытатын фабриканы іске қосу жоспарлануда. Одан соң мыс штейнін балқытатын пеш салу жоспарлануда», — деді Қ. Дурманов сәрсенбі күні облыс әкімшілігіндегі үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДБ) үйлестіру кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, осы жобаны іске асыруда серіктес болып Қытай мемлекеттік түрлі-түсті металлургия институты қатыспақшы. «Жобаның ТЭН аяқталу кезеңінде. 2012-ші жылдың қыркүйек айында бірінші кезеңді аяқтау жоспарлануда», — деді К. Дурманов.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері бұл жобаның индустриалдау картасына енгізілгенін мақұлдады. Бұл жоба өте қызық және өзекті деп Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов мәлім етті. «Біз техногендік қоқыстарды игеруге бара жатырмыз. Бұл өте маңызды. Және біз ондай жобаларды қолдайтын боламыз», — деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі Балқашта «Сары Қазына» ЖШС катодтық мыс шығаратын осыған ұқсас жобаны іске асырып жатқанын еске салып өтті. Жаңа кәсіпорынды іске қосу ағымдағы жылы болмақшы.

Соңғы жаңалықтар