Балтабек Нұрғалиев: Абайдан артық оқып, ұлы ақын атаған ағайынға рақмет! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балтабек Нұрғалиев: Абайдан артық оқып, ұлы ақын атаған ағайынға рақмет!

Балтабек Нұрғалиев: Абайдан артық оқып, ұлы ақын атаған ағайынға рақмет!

Жас ақын Балтабек Нұрғалиев Абайдан да ұлы атанған айтып, халқына алғысын айтты.

  • 12 Қараша 2019
  • 218
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Менің өлеңдерімді Абайдың өлеңдерінен де көп оқитын оқырмандарыма алғыс айтамын. Тек Абайдан ғана емес, қазақ əдебиетіндегі барлық ақындардан артық оқылып, ұлы ақын атаған ағайынға көп рақмет! Жақында кітабымды күтіңіздер", — деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, жас ақын «Қазақстан» арнасының «Мәселе» бағдарламасында өзін бүкіл қазақ оқитынын айтқан еді.

«Бүкіл қазақ мені оқып жүр. Орыстілді болсын, қазақтілді болсын және басқа тілдегі ақындардың ішіндегі, қазақстандық поэзиядағы ең көп оқылатын ақын, ол – менмін. Ешкім басқа ақындарды үйінде тығылып, жастанып, әр әрпімді, әр буынымды санап, мені оқығандай оқымайды. Қазақ поэзиясында нөмірі бірінші болып мен тұрмын деп есептеймін. Мен оған сенімдімін», — деп жауап берген еді өзін ұлы ақын санайтын Балтабек Нұрғалиев.


 

Соңғы жаңалықтар