«Балуан Шолақ» картинасы Канн кинофестиваліне аттанбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Балуан Шолақ» картинасы Канн кинофестиваліне аттанбақ

«Балуан Шолақ» картинасы Канн кинофестиваліне аттанбақ

Марвелдық суперқаһармандардан кем емес!

  • 18 Сәуiр 2019
  • 25
Фото - Caravan.kz

Тұсауы енді кесілген «Балуан Шолақ» картинасын алғаш боп тамашалаған көрермен, осындай пікірде тарқасты. Енді, тарихи туынды Канн кинофестиваліне аттанбақ.

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасы хабарлайды.

Тарихи лента – аты аңызға айналған балуан, әнші әрі композитор Балуан Шолақтың өмірінен сыр шертеді. Байопиктің сюжеті – қаламгер Дулат Исабековтың сценариі бойынша түсірілген. Ал, бас кейіпкер — палуанның образын сомдау үшін, Еркебұлан Дайыровқа 15 келі салмақ қосуға тура келген екен.

Еркебұлан Дайыров, актер:

— Оның тарихы, автобиографиясы жағынан ешқандай қиындық болған жоқ, материал жетіспеушілік болған жоқ. Тек біздің көбірек күш салып жұмыс істеген жеріміз ол сыртқы болмысы, фактурасы, жаңағы салмақ, бұлшық ет. Күніне 8 рет тамақ іщу деген сияқты.

Одан бөлек, картинада экшнға толы сәттер жетерлік. Киногерлер ұжымы, тарихи туынды болғанымен, фильмді барынша бүгінгі көрерменге сай етіп таспалауға тырыстық дейді.

Нұргелді Садығұлов, режиссер:

— Негізі барлық фильмді аяқтауға 2 жыл кетті. Бізде өте монтажымыз ауыр болды. Себебі, біз тарихи жанрдағы монтаждың жаңа түрін қолдандық. Былайша айтқанда клиптік монтаж бар ішінде.

Балуан Шолақ — батыр, палуан және романтикаға жаны жақын сері. Алайда, авторлар картинада көбінесе нар тұлғаның қайсарлығын көрсетуге тырысқан. Ал, лентаны алғаш болып тамашалағандар, бас кейіпкерді Марвелдық суперқаһармандардан асып түспесе, кем түспейді деп отыр.


Артур Төлепов, актер:

— Супермендерді суреттеп шығаратын болса, фантазия арқылы. Бізде тірі легенда. Барынша осы фильме насихат болуы керек. Осындай еліміздің Балуан Шолақтай супергеройларын көрсете білу керек қой.

Көрерменнің мұндай ұсынысына, жоба авторларының да жауабы әзір. Сәтін салса, Балуандай батырымызды шетелдіктермен де таныстырамыз деп отыр киногерлер.

Сәбит Әбдіхалықов, продюсер:

— Қазір бұйыртса Францияда Канн фестиваліне алып барып, назарға шығарайық деп жатырмыз. Фестивальге қатыспаймыз, тек көрсетеміз. Сонымен қатар, қазір АҚШ-пен басқа елдермен сөйлесіп жатырмыз, прокатқа шығаруға.

Соңғы жаңалықтар