Балық 30 секундттан арғыны есінде сақтай алмайды деген жалған болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балық 30 секундттан арғыны есінде сақтай алмайды деген жалған болып шықты

Балық 30 секундттан арғыны есінде сақтай алмайды деген жалған болып шықты

Бұған дейін есте сақтау қабілеті ең қысқа жәндіктердің бірі ретінде балықты атап келдік және онымыз мүлде дұрыс болмай шықты.

  • 3 Шiлде 2014
  • 461
Фото - Caravan.kz

Канададағы MacEwan University ғалымдары балықтың тамақтанған жерін 12 күн бойы есінде сақтай алатынын дәлелдеп берді.

Әңгіменің ұзынырғасы былай: зерттеушілер балықтарды арнайы аквариумда тек белгілі бір жерде ғана тамақтандырып отырған. Үш күннен соң олар басқа жерге ауыстырылып, 12 күн өткен соң алғашқы орынына қайта әкелінген және арнайы камера арқылы балықтарды бақылап отырған. Арада қанша уақыт өтсе де, қай жерде тамақтанатындарын ұмытпаған олар көп уақытын жем тасталатын орында өткізіпті.

Ғалымдар балықтардың бұл әрекетін олардың есте сақтау қабілетімен байланыстырады. Яғни, бұған дейін балық 30 секунд ішіндегі оқиғаны ғана есінде ұстай алады деген пікір теріске шығарылып отыр.