«Балық бала» Израильде емделмек - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Балық бала» Израильде емделмек

«Балық бала» Израильде емделмек

«Ихтиоз» дертіне шалдыққан Жасұлан ем алу үшін ертең Израиьлге аттанбақ. Осы уақытқа дейін оның ем-домы үшін қайырымды жандардан 8 миллион теңге жиналыпты.

  • 7 Маусым 2014
  • 224
Фото - Caravan.kz


 «Балық баланың» анасы Ұлбибі Ықыласова бұл қаржының шет елде ем алуға жететінін айтты. Ол жақта Жасұлан 21 күн болып, білікті мамандардың қолынан емнің заманауи түрін алады. Десе де, Израильдегі дәрігерлер, Жасұланның денесіндегі қабыршықты азайтқанымен дертінен құлан таза айықтыруға кепілдік бермейді. Бірақ шетелдік мамандардың көмегіне жүгінген «балық баланың» анасы ұлының сауығып кететініне сенеді.