Бангладеште порт өртеніп, 40-тан аса адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бангладеште порт өртеніп, 40-тан аса адам қаза болды

Бангладеште порт өртеніп, 40-тан аса адам қаза болды

Бангладештің оңтүстік-шығысында жүк тасымалдау қоймасында болған өрттен 40-тан аса адам қаза болды.

  • 6 Маусым 2022
  • 142
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 300-ден аса адам зардап шеккен өрт Читтагонг портынан 40 шақырым жердегі Ситакундадағы қоймада тұтанған. Өртсөндірушілер өртті сөндіруге тырысқан, алайда химиялық заттар толтырылған контейнерлер тұратын, өрт ары қарай жалғасқан. Ел билігі өрт сөндіруге армияның тартылғанын айтты.

Читтагонгтың азаматтық хирургі Мұхаммед Элиас Хоссейннің айтуынша, қаза тапқандар саны артуы мүмкін, себебі жарақат алғандар көп, жағдайлары ауыр. Ол жараланғандар арасында өртсөндірушілер мен полицейлердің де барын айтты.

Хоссейннің сөзінше, жағдайды шешуге көмектесу үшін аймақтағы барлық дәрігерлер шақырылды. Бес өртсөндіруші қаза тауып, тағы 50-ге жуық адам, оның ішінде 10 полиция қызметкері жараланған.


Өртсөндірушілер өрт сутегі асқын тотығы бар контейнерде басталып, тез арада басқа контейнерлерге тарағанын айтты.

Соңғы жаңалықтар