Бангладеште жүздеген жолаушысы бар паром суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бангладеште жүздеген жолаушысы бар паром суға кетті

Бангладеште жүздеген жолаушысы бар паром суға кетті

 Бангладештің оңтүстік батысындағы Кумар өзенінде 100 жолаушысы бар паром суға кетті, деп хабарлайды Қытайдың Синьхуа агенттігі.

  • 26 Тамыз 2016
  • 340
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға ел астанасы Даккадан 65 шақырым жерде, кеше кешке сағат 20.00-де болды. Басқа кемеге соғылған паром су түбіне кетіп, бір адам қаза тапқан, қалғандары із-түссіз кетті деп жарияланды.

«Паромда болған әйелдің бірі жағаға жүзіп шыққан, алайда ол ауруханада көз жұмды», — деп мәлімдеді құтқарушылар. Қазір іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.