«Банк ЦентрКредиттің» Астанадағы филиалынан 30 мың доллар қолды болды
![]() |
«Банк ЦентрКредит» қаржы ұйымының Астанадағы филиалына ұры түсіп, техникалық қызметкерлерге арналған кабинеттегі сейфтен сол банкте қызмет ететін бір адамның 30 мың доллары жоғалған. |
Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, банктегі ұрлық туралы ақпарат таңғы сағат 08.47-те белгілі болған.
«Елорданың полициясы банктің Астанадағы бір филиалында болған ұрлық фактісі туралы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бүгін таңғы сағат 08.47-де Орталық жедел басқару пультіне белгісіз біреу желдеткіш шахтасы арқылы банктің жер төледегі қабатына кіргені туралы ақпарат түсті. Техникалық қызметкерлерге арналған кабинеттегі сейфтен сол банк қызметкерінің жеке жинаған 30 мың долларға жуық қаражаты ұрланған», - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін