Банк күзетшісіне жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банк күзетшісіне жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Банк күзетшісіне жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы қалалық ІІД-де «Центркредит» банк бөлімшелерінің бірінің күзетшісіне жасалған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 192 бабының 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды.

  • 25 Қазан 2016
  • 607
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл жасағандар Банк күзетшісінің травматикалық тапаншасын тартып алып, із суытқан. Қазіргі кезде жедел із кесу шаралары жалғасуда.

Еске сала кетсек, бүгін сағат таңғы 8.10-да Алматы қалалық ІІД Жедел әрекет ету орталығына "Центркредит" банкінің бөлімшесінің күзетшісіне шабуыл жасалды деген хабар келіп түсті, Алматының Алмалы ауданында, мұның салдарынан белгісіз екі адам оның қаруын тартып алған.Алматы қаласы бойынша "Дабыл"  ұстау шарасы жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар