Банк өкілі түбіртектегі «Чекті сиктиңыз» сөзіне қатысты жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банк өкілі түбіртектегі «Чекті сиктиңыз» сөзіне қатысты жауап берді

Банк өкілі түбіртектегі «Чекті сиктиңыз» сөзіне қатысты жауап берді

«Чекти сиктиңыз» деп жазылған және басқа сөздерінде де өрескел қателер жіберілген банк түбіртегі төңірегінде бүкіл әлеуметті

  • 25 Тамыз 2016
  • 1308
Фото - Caravan.kz

«Чекти сиктиңыз» деп жазылған және басқа сөздерінде де өрескел қателер жіберілген банк түбіртегі төңірегінде бүкіл әлеуметтік желіде шу шығып жатыр. Біреулер бұл мүлдем қазақша сөз емес қой десе, енді біреулер бұрын да осындай қағаз алғанбыз деп, оның Қазақстандыкі екенін растап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Нұраддин Садықов есімді Фейсбук қолданушысы: «Бір жылдай бұрын бұл банкке қатысты менде де дәл сондай жағдай болды. Ол кезде «Глобустағы» банкоматтан осындай түбіртек алдым. Жария еткеннен кейін қатені түзеткен сияқты еді. Түземеген екен ғой…» деп пікір жазыпты.

Оның үстіне түбіртекте Алматының телефондары тұр. Ақша теңгемен алынған. Банк сайтының соңы kz-мен аяқталған.


Әлеуметтік желіде жұрттың наразылығы көбейгеннен кейін Ерлан Садықов есімді қолданушы жауап жазды. «Болған жағдайға қатысты кешірім сұраймыз. Банк мамандары бұл мәселені шешуге кірісіп кетті. Қатені түзейміз» деді ол. Айта кетейік, Ерлан Садықов Фейсбуктегі парақшасында ЦентрКредит банкінің менеджері деп тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар