Банктен алынған несиелер заңдастыруға жатпайды - Б. Әбдірайым - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банктен алынған несиелер заңдастыруға жатпайды - Б. Әбдірайым

Банктен алынған несиелер заңдастыруға жатпайды - Б. Әбдірайым

Банктен алынған несиелер заңдастыруға жатпайды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында Әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым осылай мәлім етті.

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 741
Фото - Caravan.kz


«Жария ету туралы заңда қандай қылмыстар бойынша алынған қаражат пен мүліктер заңдастырылмайтыны анық жазылған. Бұдан бөлек, акция барысында бірқатар шектеулер де бар. Мәселен, жылжымайтын мүлік бойынша сотта немесе басқа да құқық қорғау органдарында дау-шарлар, шағымдар жүргізіліп жатса, ондай нысан жария етуге жатпайды. Сонымен қатар, банктен алынған несиелер де қаражатты заңдастыру рәсіміне сәйкес келмейді. Бұдан бөлек, мемлекеттік түрлі бағдарламалар арқылы алынған мүліктер де жария етілмейді», — деді вице-министр Б. Әбдірайым.