Жарияланды: 450

Банктердің СҚО экономикасына салған несиелік салымдары 70,7 миллиард теңгені құрады

2011 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, банктердің Солтүстік Қазақстан облысының экономикасына салған несиелік салымының жалпы көлемі 70,7 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың қаңтар-сәуір айларындағыдан 8,1 пайызға артық.

«ҚР Ұлттық банкі» ММ облыстық филиалының хабарлағанындай, ұлттық валютадағы несие 59,3 млрд. теңгеге артса, шетелдік валютадағы несие 11,4 млрд. теңгеге төмендеген. Екінші деңгейлі банк филиалы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 7,3 млрд. теңге несие бөлген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін