Банкті өз қызметкерлері тонаған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банкті өз қызметкерлері тонаған

Банкті өз қызметкерлері тонаған

Оңтүстік Қазақстанда банкті өз қызметкерлері тонаған. Оқиға былтыр желтоқсанда Шардарада болған еді. Ол кезде бөлімшеден 63 млн. теңге ұрланып, күдікті ретінде 27 жастағы күзетші қамауға алынған. Үш ай тергеуден соң сол күзетші оқиғаны бүге-шігесіне дейін айтып, 6 сыбайласын полицейлерге ұстап берді.

  • 21 Наурыз 2014
  • 510
Фото - Caravan.kz

Өздері жұмыс істейтін банкті тонауға сөз байласқан алты қызметкер күзетшіге үлесіңді береміз деп үгіттеген. Оның келісімін алған соң, жоспарын жасапты. Сөйтіп 7 сыбайлас жұмыс аяқталарда ғимарат терезесін әдейі ашық қалдырады. Кейін терезенің темір торын кесіп, у-шусыз бейнемкамераларды өшірген. Ақша толы қойманың да қай жерде екенін жақсы білетін олар, 63 миллионды 4 сөмкеге салып тайып тұрған. Бұған бас-аяғы 14 минут жұмсапты. Алайда, ұрлықтың тым шебер жасалғанынан секем алған полицейлер бірден күзетшіден күдіктенген. Айта кетерлігі, ұрлыққа тек Шардарадағы емес, облыстағы банк бөлімшесі басшыларының да қатысы болуы мүмкін. Қазір, олар да тергеліп жатыр.


Нұриддин Дауылбаев,  ОҚО ІІД басқарма бастығы:

— Банкте біраз ақшаның жетіспеушілігі болуы мүмкін. Сондықтан, сол ақшаны ұрлап орнына қою үшін жасалды ма –ол жағы тексеріліп жатыр.  Олар бұл қылмысқа өте жақсы дайындалған. Себебі, бейнекамералардың қай жерден қойылатынын, қай жерден өшіруге болатынын, қай терезеден кірсе бейнекамераға түспейтінін жақсы білген.