БАҚ әсері қаржы нарығы үшін кейде өте қауіпті - Плескачевский - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАҚ әсері қаржы нарығы үшін кейде өте қауіпті - Плескачевский

БАҚ әсері қаржы нарығы үшін кейде өте қауіпті - Плескачевский

Алматы. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - БАҚ әсері қаржы нарығы үшін кейде өте қауіпті. VII Еуразиялық медиафорум аясында өтіп жатқан "Дүниежүзілік қаржы жүйесінің тұрақсыздық дәуірі" атты дөңгелек үстел барысында РФ Мемлекеттік думасының меншік жөніндегі комитетінің төрағасы Виктор Плескачевский осындай ой айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі таңда қаржы нарығы белгілі бір сезімталдық сипат алып келе жатыр. Сондықтан кейде БАҚ әсері қаржы нарығы үшін аса қауіпті болады», — деп атап көрсетті В. Плескачевский.

«Осы қатынастарды қалай реттеу керек дегенге байланысты мен бірнеше жолдарды атағым келеді. Сенімсіз, қате, күдікті ақпарат үшін БАҚ жауапкершілігінің артуы жөнінде мәселе қозғау керек», — деді ол.

Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі «Тайм» журналының редакторы Уильям Грин де кейбір кездері нарық БАҚ хабарларына аса әсершіл болатынымен келісті. «Десек те, мұның барлығы кейде дағдарыс қатты әсер еткен банктер мен компаниялардың басқару менеджменті проблема мен дағдарысты мойындамауға құлықты болуынан да болады», — деп есептейді ол.

«БАҚ — біржақты күшейткіш. Себебі, нашар жаңалықты күшейту қиындық туғызбайды», — деді «Қазақстанның Халық банкісінің» басқарма төрағасы Григорий Марченко.

Батыс бұқаралық ақпарат құралдары жайында сөз қозғай отырып, Орта Азия мен Каспий теңізі өңіріндегі «Файнэншл таймс» тілшісі Изабэль Горст: «Шындығында қазіргі қаржы дағдарысы ашық жариялауды қажет етеді. Осы дағдарысқа Батыстың БАҚ-ын кінәлауға болады деп ойламаймын», — деді.

«Біздің БАҚ тәуелсіз БАҚ секілді әлі жас. Сондықтан, сапалы түрде хабардар ететін тілшілер бізде өте аз. БАҚ дағдарысқа қалай әсер етті дегенге келетін болсақ, біздің БАҚ әсері олардың біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігінен сондай көп деп айта алмаймын. Олар бұл дағдарысты көзден таса жіберіп алды. Егер мемлекет шу шықпас үшін барлығын жасаған кезде кез келген дағдарыстан өтуге болады. Біздің БАҚ осыны жасамайды. Жаңалықты тек оқиғадан кейін хабарлайды. Біздің БАҚ-на бұл дағдарыс тек сабақ», — деп атап көрсетті ҚР парламенті мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті