Жарияланды: 870

БАҚ туралы заңды Конституцияға сәйкес емес деп тану арқылы мемлекет данышпандық танытты - Д.Назарбаева

БАҚ туралы заңды Конституцияға сәйкес емес деп тану арқылы мемлекет данышпандық танытты - Д.Назарбаева

БАҚ туралы заңды Конституцияға сәйкес емес деп тану арқылы мемлекет данышпандық танытты. Бұл туралы бүгін, 22-сәуірде үшінші Еуразиялық МедиаФорум барысында өткізілген баспасөз мәслихатында Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мәлімдеді.

"Бүгін Қазақстан президенті журналистердің құқығы мен мүддесін қорғады",- деді ол. "Заңның жобасын талқылау барысында қанша шу көтерілгені, қандай деңгейлерде қызу пікірталастар өрбігені бәріңізге мәлім. Бұл жолы Елбасы қоғамдық пікірге құлақ асты. Әрине, бұл жерде заңдық аргументтердің де болғаны рас. Дегенмен, менің пікірімше, дәл осы жолы аталмыш заң жобасына көпшілік дауыспен қарсылық білдірген қоғамдық пікірдің салмағы басым түскенге ұқсайды",- деді Д.Назарбаева. Егер Қазақстан президенті аталмыш заң жобасының жекелеген баптарына вето қойған жағдайда, ол парламентке кері қайтарылып, екі жылға созылған ауыр жұмыс қайтадан басталар еді,- деді ол. Д.Назарбеваның айтуынша, "бүгін бүкіл журналистер қауымы осындай ойламды әрі данагөй шешім қабылдағаны үшін мемлекет басшысына риза болуы тиіс". "Мен бәрімізді құттықтаймын. Бұдан былай да табысты жұмыс істеп, өзімізге, дәлірек айтсақ, қоғамдық пікірдің, республика халқының лидерлері ретінде кәсіби қоғамдастық пен журналистерге жүктелген сенімді ақтай білсек деп қалаймын",- деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін