БАҚ туралы жаңа заң ҚР Ата заңына қайшы - Н.Назарбаев
ҚР Конституциялық кеңесі БАҚ туралы жаңа заң ҚР Ата заңына қайшы деп тапты. Бұл туралы бүгін, 22-сәуірде Алматыда ашылған үшінші Еуразиялық МедиаФорумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
"БАҚ туралы заң" парламент қабылдаған үлгіде қабылданбайды,- деді мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 18-наурызында парламент "БАҚ туралы" заңды қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді.
Аталмыш заңның маңызын ескерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оны 31-наурызда Конституциялық кеңеске ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптауға жолдады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін