Жарияланды: 840

БАҚ туралы жаңа заңның жекелеген ережелері ҚР Ата заңына қайшы деп танылғандықтан заң қабылданбайды - ҚР президенті (толықтырылған нұсқа)

ҚР Конституциялық кеңесі "БАҚ туралы" жаңа заңның жекелеген ережелері ҚР Ата заңына қайшы деп таныды. Бұл туралы бүгін, 22-сәуірде Алматыда ашылған үшінші Еуразиялық МедиаФорумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Мемлекет басшысы ретінде менің Конституциялық кеңестің шешіміне вето қоюға құқығым бар",- деді президент. Алайда, "проблеманы құқықтық аяда шешу қажеттігін, сондай-ақ, қоғам және журналистер пікірін ескеру негізінде Конституциялық кеңестің шешіміне вето қоймауды ұйғардым",- деді мемлекет басшысы. Сөйтіп, "БАҚ туралы" жаңа заң қабылданбайды деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы жаңа заңды талқылау барысы қоғамда үлкен резонанс туғызғанын МедиаФорумға қатысушылардың есіне салды. "Заң жобасы төңірегінде қоғамда бір-біріне мүлдем кереғар пікірлер айтылды. Бұл біздің қоғамымыздағы демократияның басты бір нышан белгісі деп білемін",- деді Н.Назарбаев. Дейтұрғанмен, Елбасы БАҚ туралы заң бойынша атқарған жұмыстары үшін үкімет пен парламентке ризашылық білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін