"Бақұл бол, Юра жиен": Юрий Шатуновтың анасы Бәтима Тазекенова жайлы дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бақұл бол, Юра жиен": Юрий Шатуновтың анасы Бәтима Тазекенова жайлы дерек шықты

"Бақұл бол, Юра жиен": Юрий Шатуновтың анасы Бәтима Тазекенова жайлы дерек шықты

Әуесбайдың Қанаты Facebook желісінде күні бүгін өмірден өткен танымал әнші Юра Шатуновтың анасы жайлы дерек айтты.

  • 23 Маусым 2022
  • 15220
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Бала кезімізде барлық әні еліттірген, аты аңызға айналған Юрий Шатунов бақилыққа аттаныпты. Небәрі 48 жас, инфаркт.

Жетімдер үйінде өскен Юра бала өзі өскен сол жетімдер үйінің көп жыл директоры болған қандасымыз Валентина (шын есімі Бәтима) Тазекенованы өмір бойы анашым деп аялап өткенін ел біледі. Бәтима Тазекенова педагогика ғылымдарының кандидаты, РФ еңбегі сіңген құрметті ұстазы. Юраны асырап алған анасы 2015 жылы қайтыс болды. Араға 7 жыл салып, баласы да анасының артынан кете барды. Қош бол, мәңгілік бала бейне! Юрамен бірге көше әндерінің бір дәуірі көшті десек шындықтан қағыс кетпейміз-ау.",-деп жазба қалдырды.

Еске салсақ, Шатуновтың директоры Аркадий Кудряшов әншінің инфаркттан қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Юрий Шатунов 48 жаста еді. Өнер иесі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.


"Бүгін түнде жедел жәрдем көлігінде Юраның жүрегі тоқтап қалды", — деді Аркадий Кудряшов.

Соңғы жаңалықтар