Бақыт Сәрсекбаевтың бапкеріне пәтер сыйлап жатқан сәті жазылған таспа жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақыт Сәрсекбаевтың бапкеріне пәтер сыйлап жатқан сәті жазылған таспа жарияланды

Бақыт Сәрсекбаевтың бапкеріне пәтер сыйлап жатқан сәті жазылған таспа жарияланды

Пәтер үшін басталған нағашы мен жиен арасындағы дау ушыға түсті. Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың бапкері бүгін әшкерелеуші таспасын жариялады. Онда боксшының жаттықтырушысына үй сыйлайтынын айтып, сүйінші сұрап жатқан сәті жазылған.

  • 7 Ақпан 2014
  • 221
Фото - Caravan.kz

—  Кәрім Рахманұлының 55 жасқа толған туған күніне жұбайымыз екеуміздің атынан пәтер сыйлаймыз. Кәрім Рахманұлы құттықтаймыз.

Бұл 6 жыл бұрын Ташкентте түсірілген кадр. Бақыт Сәрсекбаев Бейжіңдегі жеңісінен кейін алған 4 пәтерінің бірін бапкері әрі туған нағашысына сыйлайтынын көптің көзінше айтқан екен. Алайда, арада жылдар өткенде былғары қолғап шебері сөзінен айнып шыға келді. Бапкерім Лондон Олимпиадасына апарам» деген сөзінде тұрған жоқ деген желеумен Астанадағы 100 шаршы метрлік пәтерін қайтаруды талап етіп жатыр. Тіпті ет-жақын туысын сотқа да берді. Ал Кәрім Махмұдов тарту етілген үйді алдеқашан сатып жіберген. 


Кәрім Махмұдов, Бақыт Сәрсекбаевтың бапкері:

 -Мен  оған   Лондон Олимпиадасына  «апарам»  деп уәде берген жоқпын. Бокс федерациясынан  жұмыстан шығып қалғанда, өзімнің жаныма  алып «Астана арланста» жаттықтырып жүрдім.  Айына 10-12 мың доллар ақша тапқан кездері болды. Енді ақшасы таусылып еді,туған  інісіне  сыйлаған  үйінде   тартып алды. Бір басында 3 пәтері бар. Енді оны аз көріп, маған бергенін де, қайтарып алмақ.